"Манчестер Юнайтед" Энцо Фернандес үшін 120 млн еуро төлеуге дайын

Футбол

"Бенфиканың" жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес Англия Премьер-Лигасының клубтарына ауысуы мүмкін. Бұл туралы инсайдер Бруно Андраде өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, аргентиналық қорғаушыға "Манчестер Юнайтед" пен "Ливерпульді" қызығушылық танытуда.

"Манчестер Юнайтед" басшылығы Фернандес үшін 120 миллион еуро төлеуге дайын.

Фернандес Катарда өткен әлем чемпионатының "Үздік жас ойыншысы" деп танылды. Турнирдің жеті матчында Энцо бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Бұған дейін Энцо Фернандестің "Реал Мадридке" ауысуы мүмкін екені хабарлаған болатын. Футболшыға еуропалық топ-лигалардағы басқа клубтар қызығушылық танытып отыр.