Ағылшын футбол клубы Неймарға қызығушылық танытып отыр

Ағылшын футбол клубы Неймарға қызығушылық танытып отыр
Футбол

Лондондық "Челси" әлемдік деңгейдегі ойыншымен шабуыл шебін күшейтпек. "Caughtoffside" хабарлауынша, Бразилия және "ПСЖ" жұлдызды шабуылшысы Неймар ағылшын клубына нағыз керек спортшы, деп жазады BasSport.kz тілшісі.
2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде 30 жастағы ойыншының өкілдерімен келіссөздер жүргізген."Челсидің" бұл келісімді қабылдау мүмкіндігі әзірге белгісіз. Бірақ егер Неймар командадан кетуге шешім қабылдаса, лондондықтар өз мүмкіндігін жіберіп алмайтыны сөзсіз. Бразилиялықтың ПСЖ-мен келісімшарты 2025 жылдың жазында аяқталады. Оның трансферлік құны 75 миллион еуроны құрайды. Неймар маусымның бірінші жартысын Лига 1-де 14 матчта 11 гол және 9 нәтижелі паспен тамаша өткізді.