Шавкат Рахмонов өзінің UFC жекпе-жегі туралы жағымсыз жаңалықпен бөлісті

Шавкат Рахмонов өзінің UFC жекпе-жегі туралы жағымсыз жаңалықпен бөлісті
Жекпе-жек

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың америкалық Джефф Нилге қарсы жекпе-жегі өтпейді. Бұл туралы Шавкаттың өзі мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

"Жарақатқа байланысты қарсылас жекпе-жектен шеттетілді. Қазіргі уақытта мен алмастырушыны күтіп жүрмін. Барлығы боксшының деңгейіне, оның дайындығына байланысты. Қазір UFC ұйымымен келіссөздер жүріп жатыр", - деді Найзадай Рахмонов.

Олардың жекпе-жегі 2023 жылдың 14 қаңтарында Лас-Вегастағы (АҚШ) "UFC Fight Night 217" турнирінің негізгі кездесуі болуы керек еді.

Еске сала кетейік, Нил жартылай орта салмақтағы боксшылар арасында UFC рейтингінде жетінші, ал Рахмонов оныншы орында тұр.