Шавкат Рахмоновтың жаңа қарсыласының есімі белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың жаңа қарсыласының есімі белгілі болды
Жекпе-жек

Youtube-тағы "MMA Now 27 / Breakdowns & Predictions" арнасының авторы қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновқа (16-0) америкалық Майкл Кьесамен (18-6) жекпе-жек өткізуді ұсынды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

- Джефф Нилмен жекпе-жек болмайтын болмағаннан кейін Шавкат Рахмонов Брайан Барберенамен жұдырықтасуы керек деп ойламаймын. Бұл жекпе-жекте Барберенаның жеңіске жету мүмкіндігі жоқ. Шавкатқа бұдан да мықты қарсылас керек. Мен оның Майкл Кьезбен қарсыласқанын көргім келеді. Кьесаның жақсы тәжірибесі мен қабілеті бар, сол арқылы Шавкатты ең мықты тұсынан көре аламыз, - дейді арна авторы.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Шавкат Рахмонов Джефф Нилмен (15-4) жұдырықтасуы керек еді, бірақ америкалық жарақат алып, кездесу болмайтын болды. Сондай-ақ UFC қысқа мерзімде Рахмоновтың америкалық файтер Брайан Барберенамен (18-9) жекпе-жегін мақұлдаудан бас тартты.