Шавкат Рахмоновтың қаңтарға жоспарлаған жекпе-жегі наурызға ауысып кетті

Шавкат Рахмоновтың қаңтарға жоспарлаған жекпе-жегі наурызға ауысып кетті
Жекпе-жек

Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дегі кезекті жекпе-жегін 4 наурыз күні Лас-Вегас қаласында өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жартылай орта салмақтағы Рахмонов америкалық Джефф Нилмен айқасады. Аталған жекпе-жек 4 наурыз күні UFC 285 турнирі аясында өтпекші.

Айта кетелік, бұл кездесу 14 қаңтарға жоспарланған болатын. Алайда, Нилдің жаттығу барысында алған жарақатына байланысты жекпе-жек уақыты ауысты.

Айта кетелік, Рахмонов соңғы кездесуін 2022 жылдың маусымында Нил Магниге қарсы өткізіп, екінші раундта жеңіске жетті.