"Исламды зерттеуі мүмкін": Хабиб Нурмогамедов ММА әлемінен түбегейлі кететінін мәлімдеді

Жекпе-жек

UFC чемпионы Хабиб Нурмогамедовтың ММА әлемінен бұратала кететіні туралы ақпар тарады. Екі жыл бұрын октагоннан кеткен спортшы енді жалпы ММА-дан қол үзбекші, деп жазады Bassport.kz. 


Хабиб қазір Дағыстандағы үйінде. Көпшілік танымал спортшыны саясатқа бет бұрады деп ойлаған. Бірақ ол өзінің саясатқа да жоқ екендігін айтуда. 


Чемпионның айналасындағы адамдар Хабибтің отбасына жиі көңіл аударуға бел буғанын айтады. Нурмогамедовтің екі ұл, бір қызы бар. 


Ресейлік sports.ru басылымының жазуынша, Хабит ММА-дан түбегейлі кеткен соң бизнеске бет бұрып, қалған өмірін ислам дінін терең зерттеуге және тіл үйренуге арнауы мүмкін. 


Айта кетелік, Хабиб Нурмогамедов 2022 жылдың үздік жаттықтырушысы болып танылған еді.