Олег Болтин рестлингтегі алғашқы жекпе-жегіне баға берді

Олег Болтин рестлингтегі алғашқы жекпе-жегіне баға берді
Жекпе-жек

Қазақстандық күрес шебері Олег Болтин New Japan Pro-Wrestling (NJPW) рестлинг-промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегіне баға берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

4 қаңтар күні өткен жекпе-жек аясында Олег Болтин жапониялық Рёхэи Оивомен кездескен. Кездесу нәтижесінде спортшылар тең тарқасқан болатын. 

- Алғашқы жекпе-жегіңдегі өнеріңізге қандай баға бересіз?

- Жекпе-жек үш-ақ минутқа созылды, десе де бұл рингке алғаш рет шығу жақсы әсер сыйлады. 
Менің бар өмірім күреспен өтті. Көптеген жарыстарда бақ сынадым. Бірде жеңдім, бірде жеңілдім. 

Күрестегі басты мақсатым Токиодағы Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізу болған. Иә, мақсатыма қол жеткізбеген болуым мүмкін, алайда қазір бар назарым NJPW-дегі кәсіпқой рестлингте. Қарсыласы олимпиадалық күресті білгендіктен, жекпе-жек қызықты өтті деп ойлаймын, - деді Олег Болтин.