Хабиб Нурмагомедовтың ММА индустриясынан не үшін кеткені белгілі болды

Хабиб Нурмагомедовтың ММА индустриясынан не үшін кеткені белгілі болды
Жекпе-жек

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедов неліктен ағасы Хабиб Нурмагомедов не үшін  ММА индустриясынан түбегейлі кеткенін түсіндірді, деп хабаралайды  BasSport.kz  "Чемпионатқа" сілтеме жасап.


Мен бұл жаңалыққа таңқалған жоқпын. Біз бұл туралы алдын-ала білдік. Екеуіміз сөйлестік. Салмақ тастау, күрес туралы кеңестерін айтты. Ал ММА инустриясының кету себебі - іс-сапарлар көбейіп кетті. Күнде ұшаққа мінеді. Енді отбасына, анасына көбірек көңіл бөледі. Біз аға-бауырмыз. Ештеңе өзгерген жоқ. Дағыстанда бірге жаттығу жасай береміз. Әлі де спорттық карьерама бақылау жасап, ақыл-кеңестерін айтып тұратын болады. Тағы бірнеше жігіттер бар. Бірақ бұрынғыдай қасымызда жүріп, барлық жекпе-жектерімізге бара бермейді. Екі-үш айлап, лагерьдегі оқу-жаттығу жиындарымызға қатыспайды, - деді Умар Нурмагомедов.


2020 жылы Хабиб Нурмагомедов мансабын ресми түрде аяқтаған. Ол  UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы. Сосын соңғы екі жыл ол бапкерлік және менеджерлік жұмыспен айналысты. 2022 жылы жылдың үздік бапкері де атанды.