Асу Алмабаев BRAVE лигасынан кететінін мәлімдеді

Асу Алмабаев BRAVE лигасынан кететінін мәлімдеді
Жекпе-жек

Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев BRAVE лигасындағы келісімшартының аяқталғанын айтты, деп жазады Bassport.kz.

Балуан аталған лигадағы барлық кездесуін жеңіспен аяқтаған.

"Жақында BRAVE өкілдерімен кездестім. Олар келісімшартты ұзартып, Алимұрадовпен белбеуге таласу туралы ұсыныс айтты. Егер бұл келісімшарттағы соңғы жекпе-жек болса, қуана келісіп, белбеуді ұтып алушы едім. Алайда мен бұдан әрі қал,ым келмеді. Сондықтан, командаммен ақылдасып, уақыт жоғалтпау керектігін ойладық", - дейді Асу.

Айта кетелік, Асу Алмабаев UFC-ге ауысқысы келетінін мәлімдеген болатын.