Ferrari-ді Renault-қа ауыстырдың. Шакира Пикеге айтып-айтып тастады

Ferrari-ді Renault-қа ауыстырдың. Шакира Пикеге айтып-айтып тастады
Футбол

Колумбиялық поп-жұлдыз, әлемге танымал әнші Шакира бұрынғы күйеуі, футболшы Жерар Пикеге арнап ән шығарды, деп хабарлайды BasSport.kz.


Ол аргентиналық диджей Bizarrap-пен бірге испан тілінде кек алу туралы ән шығарған. Шетелдік БАҚ өкілдері әннің әрбір буынына үңіліп, ішінде бұрынғы күйеуіне және оның 23 жастағы жаңа сүйіктісіне қатысты сөздер бар деген қорытындыға келді,




Өзіңнің чемпион екенің жөнінде тым мақтанып кеттің. Бірақ маған керек кезде өзіңді нашар қырыңнан көрсеттің. Мен сияқты сұлу қыз сен сияқты жігітке арналмаған. Ақылыңды жұмыс істетіп үйрен.  Өйткені мен 22 жастағы екі қызға теңмін. Сен мені шүйкебасқа айырбастап кеттің, Rolex-ті Casio-ға айырбастадың, «Ферраридің» орнына «Твингоны» (Renault автокөлігінің моделі) жөн көрдің, - делінген Шакираның ән жолдарында.


Клип бір күнде71 миллион қаралым жинаған.  Пике мен Шакира 2011 жылдан бері қарым-қатынаста болды. Екеуінің ортақ Милан мен Саша есімді екі ұлы бар. Ажырасқан соң балалар әйелі жақта қалды. Жақында балалары Испаниядан Майамиге ұшып, сол жақта тұруы тиіс. Ал Пикенің балаларын кез-келген уақытта барып, көруіне мүмкіндігі бар. Одан бөлек, жол шығындарының барлығын әнші мен футболшы бөліп төлейтін болды.