Қытайдағы қазақ файтерінің келесі қарсыласы анықталды

Қытайдағы қазақ файтерінің келесі қарсыласы анықталды
Жекпе-жек

Қытайдағы этникалық қазақ Сайран Нұрданбектің UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан және кіммен өтетіні анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ережесіз жекпе-жек шебері 8 сәуір күні жартылай жеңіл салмақтағы америкалық спортшы Стив Гарсияға қарсы шығады. 

Әзірге, кездесу өтетін орын нақты белгіленген жоқ. Десе де, жекпе-жек Бруклинде өтуі мүмкін. 

Айта кетелік, соңғы рет Нұрданбек америкалық Дэррик Миннерге қарсы шығып, жеңіске жеткен болатын.