Шавкат Рахмонов UFC-де тек қазақша сөйлеу туралы шешім қабылдады

Шавкат Рахмонов UFC-де тек қазақша сөйлеу туралы шешім қабылдады
Жекпе-жек

ММА шебері, атышулы UFC лигасында өнер көрсететін қазақ файтері Шавкат Рахмонов бұдан былай жекпе-жектен соң тек қазақ тілінде сөйлейтін болып шешті.

Бұл туралы белгілі спорт менеджері Саят Абдурахманов айтты, деп жазады Спорт-Экспресс басылымы. 

"Негізі, UFC Connected-тегі Шавкат туралы сюжет ұнады. Ол жерде қазақша сөйлегенде тіпті, жақсы болар еді. Бірақ ол соңғы кездесуден соң октагонда беретін сұхбатында тек қазақ тілінде сөйледі. Бұл оның әу бастан бергі шешімі. Ол бірінші жекпе-жектен бері солай жасағысы келді. Мен мұны дұрыс деп есептеймін", - деді Абдурахманов.

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі наурыз айына жоспарланған.