АО: Елена Рыбакина финалдық матч жолдамасы үшін сынға түседі

АО: Елена Рыбакина финалдық матч жолдамасы үшін сынға түседі
Теннис

Бүгін теннистен Аустралия ашық чемпионатының  жартылай финалы басталады. Финал үшін болатын теке-тірестердің алғашқы күнінде әйелдердің жекелей сынының финалистер анықталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина финал жолдамасын белорусиялық, әлемнің 24-ракеткасы Виктория Азаренкомен сарапқа салады. Матч Астана уақытымен 14:30-да басталады. 

Ал келесі ойын Арина Соболенко - Магда Линетт жұбы арасында өтеді. Бұл матч елорда уақытымен 15:45-те басталады деп жоспарланып отыр.