"Барыстың" көшбасшы ойыншысы ҚХЛ-дағы төрт жүзінші матчын өткізді

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында кеше "Барыстың" өз айдынында "Северстальге" қарсы өткізген матчында шабуылшы Никита Михайлис Лигадағы төрт жүзінші матчын өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ол осы матчтардың барлығында "Барыс" намысын қорғады. Қазір астаналық клуб шабуылшысының қоржынында 206 (91+115) ұпай бар. Сондай-ақ, Никита Михайлис Құрлықтық хоккей лигасында 400-ден көп матч өткізген "Барыстың" сегізінші ойыншысы атанды. 

Роман Старченко - 740

Роман Савченко - 525

Кевин Даллмэн - 514

Брэндон Боченски - 455

Дастин Бойд - 451

Талғат Жайлауов - 418

Найджел Доус - 415

Никита Михайлис - 400