Серхио Рамос Испания құрамасына қайта оралуы мүмкін

Серхио Рамос Испания құрамасына қайта оралуы мүмкін
Футбол

“ПСЖ” қорғаушысы Серхио Рамос Испания ұлттық құрамасына қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “Assosiated Press” басылымына сілтеме жасап. 

Испания құрама командасының жаңа бапкері Луис де ла Фуэнте әлеуетті капитандармен кездесулер аясында Серхио Рамоспен де кездесуге ниеттеніп отыр. Бапкер пен қорғаушы диалог құрса да, ол Рамостың Еуро-2024 іріктеу матчтары аясында Норвегиямен және Шотландиямен болатын ойындарға қатысатынын білдірмейді. Оның ұлттық құрамаға қайта оралуы алдағы матчтарда көрсететін ойын өрнегіне байланысты болады. 

Еске салайық, Рамос Испания құрамасы сапында 180 матчқа қатысты. Луис де ла Фуэнте Испания құрамасы бас бапкері қызметіндегі дебютін 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде жасайды.