АО: Соболенконың бапкері финалдық матчқа болжам жасады

АО: Соболенконың бапкері финалдық матчқа болжам жасады
Теннис

Белорусиялық теннисші Арина Соболенконың бапкері Антон Дубров шәкіртінің Australian Open турниріндегі финалдық матчы қандай нәтижемен аяқталатынына болжам жасап көрді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Арина Соболенко Аутсралия ашық чемпионатының финалдық матчында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі. 

"Екеуінің де соққылары жойқын. Қарсыласының қателігіне емес, өзінің ойынына ден қойған спортшы жеңіске жетеді деп ойлаймын. 

Өйткені, допты қабылдағанда мүмкіндіктер болады. Бірақ оны өзіңнің жасайтының не күтетінің маңызды рөл ойнайды. Матч тағдырын бірнеше ұпай шешуі мүмкін деп санаймын", - деді Антон Дубров. 

Рыбакина мен Соболенконың бетпе-бет кезедсулерінде белорусиялық теннисші 3:0 есебімен алда келеді. 

"Оған қоса, барлық матчтар үш сеттен тұратын күрделі ойындар болды. Барлығында бір брейк шешуші рөл ойнады. Бүгінгі матч өзгерек болмақ. Қателеспесем, екеуі соңғы рет осыдан екі жыл бұрын "Уимблдонда" кездескен. Бірақ одан бері біраз уақыт өтті. 

Одан соң Арина соққысын жоғалтып алған, қазір қайтадан қалыпқа келтірді. Ал Рыбакина осы аралықта "Үлкен удылға" турнирінің жеңімпазы атанды. Олар бұл финалға әртүрлі жақтан келді. Сондықтан бұған дейінгі кездесулер көп рөл ойнамайды дер едім. Бұл ойын жаңаша болады. 

Финалда эмоциясын тізгіндеп, матчты жақсы бастаған ттенисші жеңіске жетеді деп ойлаймын. Бұрынғы кездесулер екі спортшыға да қандай да бір пайда береді деп есептемеймін", - деп айтты Соболенконың бас бапкері. 

Елена Рыбакина мен Арина Соболенко арасындағы финалдық матч Астана уақытымен 14:30-да басталады.