Роджер Федедер К-Рор жұлдыздарымен түскен суретін жариялады

Роджер Федедер К-Рор жұлдыздарымен түскен суретін жариялады
Теннис

Теннистен "Үлкен дулыға" турнирлерінің 20 дүркін чемпионы Роджер Федерер әйгілі оңтүстік кореялық К-рор жанрында ән шырқайтын "Blackpink" тобының мүшелерімен суретке түсіп, оны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Балаларым бұл суретті әлеуметітк желіге жариялауың керек деді", - деп жазды Роджер Федерер "Instagram" парақшасында. 

Әйгілі теннисші бұл суретке Париждегі сән аптасында түскен. Федерердің Майла-Роуз және Шарлин-Рива есімді егіз қыздары мен Лео мен Ленни атты егіз ұлы бар. 

Швейцариялық спортшы үлкен спортпен 2022 жылдың қыркүйегінде Лондонда өткен Лэйвер Кубогынан кейін қоштасқан болатын.