АО: Елена Рыбакина әлемнің үздік ондығына енеді

АО: Елена Рыбакина әлемнің үздік ондығына енеді
Теннис

2023 жылғы Аустралия ашық чемпионатының финалында белорусиялық Арина Соболенкодан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңілген Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа тарихи жетістікке қол жеткізеді,деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

30 қаңтар күні WTA жаңартылған рейтингі жарияланып, онда қазақстандық теннисші оныншы орынға жайғасады. Бұл Елена Рыбакинаның мансабындағы ең үздік көрсеткіш болмақ. Бұған дейін ол бір рет 12-сатыдан көрінген.

Ал оның финалдағы қарсыласы Арина Соболенко әлемдік рейтинтегі екінші орнына қайта оралады.

Егер Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанғандағ жаңартылған рейтингте сегізінші орыннан көрінер еді.