Андрей Скабелка ҚХЛ-дағы бапкерлер рейтингінде төмендеп кетті

Андрей Скабелка ҚХЛ-дағы бапкерлер рейтингінде төмендеп кетті
Хоккей

Андрей Скабелка ҚХЛ-дағы бапкерлер тізімінде төменге сырғыды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

"Барыстың" бас бапкері бір сатыға төмендеген. Қазіргі таңда ол 17-орында тұр.

Көш басында "Ак Барс" тізгінін ұстаған Зинетулла Билялитдинов. Екінші сатыда Игорь Ларионов ("Торпедо"), үшінші орында "Сибирь" бас бапкері Андрей Мартемьянов. 

Өткен аптада қазақстандық клуб 4 матч өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жетті.