"Барыс" шабуылшысы алдағы ойындарда командаға көмектесе алмайтын болды

Хоккей

Мәскеулік «Динамоға» қарсы өткен "Барыстың" өз айдынындағы матч кезінде Дмитрий Гурков жарақат алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Медициналық тексерістен кейін, шабуылшы жарақат алғандар тізіміне енгізілді. Құрлықтық хоккей лигасының биылғы тұрақты маусымында спортшы 30 ойынға қатысып, 1 нәтижелі паспен көзге түсті.

Еске салайық, бұл матчта "Барыс" қарсыласынан овертаймда 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.