«Ақтөбе» сапына екі жаңа ойыншы қосылды

	«Ақтөбе» сапына екі жаңа ойыншы қосылды
Футбол

Қазақстан премьер-лигасының күміс жүлдегері «Ақтөбе» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына жаңа ойыншылар келіп қосылып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бүгін екеуі келді. Атап айтсақ, қорғаушы Диас Оңдасынов пен Сергей Еременко. Алғашқысы, былтыр бірінші лигада жастар командасына жақсы жағынан көзге түскен,

Екіншісі, фин футболындағы танымал Еременколардың отбасынан.

Айта кетейік, ресейлік Евгений Козлов командада қалмайтын болды.