Қазақстан әйелдер командасының 2024 жылғы қарсыластары белгілі болды

Қазақстан әйелдер командасының 2024 жылғы қарсыластары белгілі болды
Хоккей

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, ІІ дивизионның А тобына өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Келер жылы Қазақстан әйелдер командасы Аустралия, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания және Турция құрамаларымен сынға түседі. 

Еске салайық, Болгариядағы биылғы біріншілікте аруларымыз қарсыластарының қақпасына 35 гол соғып, өздері тек 5 шайба ғана жіберді. Бес матчтың бесеуінде де қарсылас шақ келтірмей, үздік шықты.