Джокович жарақатына қарамастан, Дубайдағы турнирге қатыспақшы

Джокович жарақатына қарамастан, Дубайдағы турнирге қатыспақшы
Теннис

Теннистен "Үлкен дулыға" жарыстарының 22 дүркін жеңімпазы, сербиялық спортшы Новак Джокович Дубайда өтетін АТР-500 турниріне қатысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Бір айдан аз уақытта жалауы желбірейтін Дубайдағы АТР-500 турниріне қатысатындардың қатарында бармын. Бірнеше медициналық тексерістен өтуім керек. Уақыт аз, бірнеше аптадан кейін кортқа қайта орала аламын деп үміттенемін", - деді Новак Джокович деп жазады "Tennis up to date". 

Дубайдағы турнир 27 ақпан күні басталып, 4 наурызға дейін жалғасады. Сондай-ақ, бұл бәсекеде 2008 жылдан бері бақ сынамаған испаниялық теннисші Рафаэль Надаль жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.