Мбаппе Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының бірінші ойынына қатыспайды

Мбаппе Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының бірінші ойынына қатыспайды
Футбол

"ПСЖ" шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасы 1/8 финалында мюнхендік "Баварияға" қарсы болатын алғашқы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Бұған себеп - футболшының франциялық 1 Лигада "Монпельемен" (3:1) болған кездесуде алған жарақаты. 

"Медициналық тексерістен кейін, Килиан Мбаппенің сол жақ санының бицепс бұлшықетінен жарақат алғаны анықталды. Спортшының жарақатынан айығу мерзімі - үш апта", - деп жазылған "ПСЖ" ресми мәлімдемесінде. 

Сондай-ақ, жартылай қорғаушы Серхио Рамостың да медициналық тексерістен өтетіні туралы жазылған. Ол да "Монпельеге" қарсы ойында жарақат алған болатын. 

"ПСЖ" мен "Бавария" арасындағы бірінші матч 14 ақпан күні өтеді. "Монпельемен" болған ойынның 21-минутында алаңнан кеткен Мбаппе жарақатынан толық сауығып үлгермейді, сондықтан 12 күннен кейін өтетін матчқа қатыспайды.