Әлем чемпионы "Челсиге" ауысуы туралы ойын айтты

Әлем чемпионы
Футбол

"Челсидің" жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес лондондық клубта алға қойған мақсаттарымен бөлісіп, өзінің футболшы ретіндегі мықты қырларын айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Бұл үлкен жетістіктерді жетуді мақсат ететін, Чемпиондар лигасын жеңген команда, сондықтан клубты жаңа деңгейге шығару үшін барымды саламын. Өмірімде керемет жағдайлар болды. "Челсидің" берген мүмкіндігі үшін ризамын.

Мен техникалық тұрғыда жақсы дамығанмын, ойынды жақсы түсінемін, дриблинг қабілеттерім мен соққы жасау техникам жоғары деңгейде. Қарсыласқа жоғары жылдамдықтағы ойына ұсына аламын. Командалас әріптестеріме қолдау көрсету және бірге мықты бола түсу үшін бар күшімді жұмсауға әзірмін", - деді Энцо Фернандес деп жазады журналист Бен Джейкобс. 

Еске салайық, "Челси" Энцо Фернандесті 121 млн еуроға сатып алған болатын. Бұл футбол тарихындағы ең қымбат трансферлердің қатарына енді. 

Дереккөз: Чемпионат.com