Қазақстандық хоккейшілер “Азия балаларында” бесінші орын алды

Қазақстандық хоккейшілер “Азия балаларында” бесінші орын алды
Хоккей

“Азия балалары” ІІ халықаралық қысқы ойындарының хоккей турнирінде Қазақстан құрамасы бесінші орын алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бесінші орын үшін болған матчта ұлттық құрама Беларусь командасымен кездесті. Екі құрама да өз топтарында үшінші орын алған. Георгий Верещагин бастаған қазақстандық хоккейшілер қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, турнирді бесінші орынмен аяқтады.

Қазақстан U-15 - Беларусь U-15 – 4:1 (1:0, 1;0, 2:1)

1:0 – 18:38 – Дронов (Миндубаев)

2:0 – 38:29 – Нұржанов (Мақыш, Корнеев) СБШ

3:0 – 45:22 – Корнеев (Мақыш, Саркенов) СБШ

3:1 – 47:54 - Мурзов (Антонов)

4:1 – 57:18 - Сәркенов БҚ

Қақпашылар: Алпысбаев – Ходин