Месси құрамадағы достарына алғыс айту үшін 35 айфонға тапсырыс берген

Месси құрамадағы достарына алғыс айту үшін 35 айфонға тапсырыс берген
Футбол

"ПСЖ" клубының шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасындағы командаластарына алғыс айту үшін 35 айфонға тапсырыс берген, деп жазады Bassport.kz. 

Дереккөздің айтуынша, ол  алтын жалатылған iPhone 14-ке тапсырыс берген. 

Осылайша, Месси тарихи жеңіске бірге жеткен командаластарына алғыс білдірмек, 

Айта кетелік, Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина Францияны пенальти сериясы бойынша жеңген еді.