Армения құрамасының қорғаушысы "Астанаға" оралды

Армения құрамасының қорғаушысы
Футбол

30 жастағы армениялық қорғаушы Вараздат Ароян Астана» командасына ресми түрде оралды, деп хабарлайды bassport.kz.

Ароян Ереванның «Пюник» клубының түлегі. Иран, Ресей чемпионаттарындаөнер көрсеткен. Иранда «Падиде», Ресейде «Урал», «Тамбов» командаларында ойнады.

2021 жылдың басында Ароян «Астанаға» ауысып, 14 матчқа қатысты. Сосын 27 мамырда Испанияның «Кадис» клубымен келісімге келеді. Алғашқында бәрі жақсы болғанымен, кейіннен «Кадистің» қосалқы құрамында қала берді. Сосын Кипр чемпионатындағы Антортосис» сапына ауысты.

Енді, міне, еркін агент ретінде «Астанаға» оралып отыр.