Ян Облактың қақпасына гол соғуымыз керек - Асхат Тағыберген

Ян Облактың қақпасына гол соғуымыз керек - Асхат Тағыберген
Футбол

Ертең футболдан Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі. Осы ойынның алдындс Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

– Алдымен, барша Қазақстан халқын ұлыстың ұлы күні Наурыз меркесімен құттықтаймын! Ертеңгі ойынға келер болсақ, 100 пайыз дайынбыз. Шетелдік чемпионатта ойнайтын жігіттер кеше келді. Пойыздың алдында шығып жүгірмей-ақ қояйын. Барлығын ертең көреміз.

– Асхат алыстан тебетін жойқын соққыңыз бар еді. Ертеңгі ойынға дайындап отырсыз ба?

– Мен әзірге ұлттық құрамада гол соққан жоқпын. Ертең жолым болады деп үміттенемін. Егер өзіме гол салу бұйырмай жатса, басқа әріптестерім дәлдік танытса да қуанышты болар едім. Бастысы, құраманың жеңісі.

– Словения капитаны Ян Облак 7,5 жыл бұрын “Астана-Аренаға” келген. Бірақ ол кезде қақпасына гол жібермеді. Ертең қалай болады…

– Гол соқпасақ, біз жеңе алмаймыз. Айымбетов және басқа шабуылдағы ойыншыларға гол соғуға көмектесуіміз керек.