Валентина Хальзова екі дүркін әлем чемпионы атануы мүмкін

Валентина Хальзова екі дүркін әлем чемпионы атануы мүмкін
Бокс

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол ширек финалда түркиялық Элиф Гюнеримен кездесті. Жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласынан бір бас жоғары байқалды. Сөйтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, ол бұған дейін 2022 жылы әлем чемпионы атанған. Сондықтан биыл екі дүркін болуға мүмкіндігі бар. Былтыр Стамбұлда Хальзова қола жүлдені қанағат тұтқан.