Қазақстанның жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатының жолдамасынан үмітті

Қазақстанның жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатының жолдамасынан үмітті
Теннис

Қазақстан мен Аустралияның жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің финалистері анықталды.

Мәдина Рахымның шәкірттері жартылай финалда Жапония командасына есе жіберді. Ева Корышева 3 сағат 25 минутқа созылған аса тартысты бәсекеде қарсыласына 2:6, 7:5, 6:7 (4:7) есебімен жол берді.

Екінші кездесуде Еркежан Жаңатаева да 2:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан құрамасында әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік бар. Ол үшін бүгін үшінші орын үшін бәсекеде Аустралия құрамасын жеңуі керек.