Томас Тухель «Баварияның» бас бапкері атанды

Томас Тухель «Баварияның» бас бапкері атанды
Футбол

Германияның «Бавария» клубы күтпеген жерден бас бапкерді ауыстырды. Юлиан Нагельсманның орнына «Челсидің» бұрынғы жаттықтырушысы Тумас Тухель тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz.


Келісімшарт 2025 жылға дейін жасалған. 35 жастағы Нагельсман «Баварияның» тізгінін 2021 жылы ұстаған. Биылғы маусымда «Бавария» чемпионатта «Боруссия Дортмундтан» 1 ұпайға қалып тұр.

Сонымен қатар Чемпиондар лигасы мен Германия кубогының ширек финалына өткен.