Карина Ибрагимова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Карина Ибрагимова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Бокс

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Карина Ибрагимова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол 57 келіге дейін салмақтың финалында Италия үміті Ирма Тестамен жұдырықтасты.

Аса тартысты жекпе-жек алма-кезек шабуылдармен өтті. Бірақ ұпай санымен қарсыласы басым түсті.

Отандасымыз бұған дейін әлем чемпионатында екі дүркін қола жүлдегер атанған. Алғаш рет финалда бокстасты.

Италия қызы да Олимпиада және әлем біріншілігінің жүлдегері.