Аңыз ойыншылардың бірі Рыбакина табысының құпиясын ашты

Аңыз ойыншылардың бірі Рыбакина табысының құпиясын ашты
Теннис

Теннистен “Үлкен дулыға” жарыстарының сегіз дүркін жеңімпазы америкалық Джимми Коннорс әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Ол өз ойынын тапқан және табысты теннис көрсетуіне көмектесетін әрекеттерді ғана жасап жүр. Теннисші тек ойында емес, эмоцияда да өз жолын табуы керек. Өйткені, эмоция ойындағы көп нәрсені өз бақылауында ұстайды. Сондықтан матч кезінде өзін жайлы сезіну аса маңызды.
Ол күліп тұрғанымен, бойында ұялшақтық бар. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл оның ойынына әсер етпейді. Теннистегі нәтиженің маңызы бар. Адам мұнда танымал болу үшін келмейді. Ол әр ойында жеңіске жету үшін осында, теннисте - бары осы. Қазіргі Рыбакинаның жағдайы өзіне жайлы сияқты, оны соңғы 9-10 айдағы нәтижелерінен анық байқауға болады”, - деді атақты теннисші.

Айта кетейік, Елена Рыбакина соңғы бір жылға жетпейтін уақытта Уимблдондағы “Үлкен дулыға” жарысының жеңімпазы атанды, Аустралия ашық чемпионатының финалында өнер көрсетті және осыдан санаулы күн бұрын Индиан-Уэллстегі WTA 1000 санатындағы сайыста топ жарды. 

Дереккөз: championat.com