Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
Жекпе-жек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

"Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді", - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында. 

Еске салайық, Шавкат Рахмонов наурыз айының басында UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді жеңген болатын.