"Барыс" пен ұлттық құраманың шабуылшыларының бірі мансабын "Сочиде" жалғастырады

Хоккей

Астаналық "Барыс" пен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Антон Сагадеев мансабын "Сочи" хоккей клубында жалғастырады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Чемпионатқа" сілтеме жасап.

Биылғы маусымда Антон Сагадеев "Барыспен" 66 кездесу өткізіп, 16 шайба соғып, 7 нәтижелі пас берген. Маусым қорытындысында оның пайдалылық көрсеткіші "-2" болды. 

29 жастағы форвард Құрлықтық хоккей лигасында жалпы 340 кездесу өткізіп, 80 (42+38) ұпай еншілеген.