Әлем чемпионаты: Қыздарымыз алғашқы бестікке де енбей қалды

Әлем чемпионаты: Қыздарымыз алғашқы бестікке де енбей қалды
Бокс

Бокстан Үндістанның астанасы Делиде өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасының боксшылары байрақты бәсекеде алты медаль жеңіп алған, деп жазады Bassport.kz. 

Ұлттық құрама сапынан күміс жүлдені аса ауыр салмақтағы Лəззат Күнгейбаева мен 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Карина Ибрагимова иеленді.

Қола медаль Алуа Балқыбекова (48 келі), Надежда Рябец (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) және Фариза Шолтайға (81 келі) бұйырды.

Айта кетейік, жалпыкомандалық есепте жарыс қожайыны Үндістан 4 алтынмен көш бастаса, Қытай 2-орынға (3 алтын, 1 күміс, 3 қола) жайғасты. Үздік үштікті Ресей қорытындылады (1 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Ал қоржынында екі күміс пен төрт қола жүлдесі бар Қазақстан құрамасы сегізінші орынды қанағат тұтты.