"Ақтөбе" Бельгия клубының шабуылшысын алмақшы

Футбол

«Ақтөбе» Бельгияның «Гент» клубындағы ивуарлық шабуылшы Андерсон Ньянгбоны жалға алмақшы, деп хабарлайды  Bassport.kz.

Бельгияның ақпарат құралдарының жазуынша, «Ақтөбе» клубы футболшыны 8 айға жалға алуды көздеп отыр екен.

Бір қызығы, 23 жастағы футболшының алаңға шықпағанына да көп болған. Былтыр Австрияның «Штурм» командасында жалға ойнаған. Ол өзі «Гентке» Австрияның тағы бір клубы «Зальцбургтен» ауысып келген.

2013 жылы 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан.