Елена Рыбакина Майамидегі жарыстың ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Майамидегі жарыстың ширек финалына шықты
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елпна Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Отандасымыз сегізден бір финалда бельгиялық Элизе Мартенспен кездесіпс екі сет нәтижесінде 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Қатарынан он бірінші жеңісіне қол жеткізген қазақстандық теннисші 1/2 финал жолдамасын италиялық Мартина Тревизанмен сарапқа салады.