“Мастерс” жарысының ширек финалына шыққан Рыбакинаның тапқан табысы белгілі болды

“Мастерс” жарысының ширек финалына шыққан Рыбакинаның тапқан табысы белгілі болды
Теннис

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Майамидегі беделді жарыстың ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

1/8 финалда бельгиялық Элизе Мертенсті жеңген (6:3, 6:4) спортшымыз келесі кезеңге шығу үшін италиялық Мартина Тревизанмен шеберлік байқасады.

Майамидегі турнирлік ширек финалына шығу арқылы Елена Рыбакина 184 465 доллар мен 215 рейтингілік ұпай жеңіп алды.

Ал Miami Open WTA 1000 жарысының жалпы жүлде қоры 8 800 000 доллар екенін айта кетейік.