16 жылда тұңғыш рет Мессидің құны рекордтық деңгейде арзандап кетті

16 жылда тұңғыш рет Мессидің құны рекордтық деңгейде арзандап кетті
Футбол

Футболдан әлем чемпионы Лионель Мессидің трансферлік құны 16 жылда алғаш рет  50 млн еуродн төмен түсіп кетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Transfermarkt есептеуінше, Мессидің құны 45 млн еуро болған. Сөйтіп, аргентиналық футболшының трансферлік бағасы 2007 жылдан бері алғаш рет  50 млн еуродан төмен болып отыр. 

Өткен жылдың қарашасында Transfermarkt Мессиді 50 млн еуроға бағалаған, ал 2018 жылы оның бағасы 180 млн еуро болды (максимум). 

Еске салайық, биылғы маусымда 35 жастағы футболшы 32 ойында 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген.