Қазақстандық футболшылар Данияны жеңгені үшін сыйақы алады

Қазақстандық футболшылар Данияны жеңгені үшін сыйақы алады
Футбол

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Данияны жеңген Қазақстан құрамасының футболшылары осы жеңіс үшін қаржылай сыйақы алады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында айтты. 

Оған қоса, ол футболшылар үшін халықаралық сарапшылар мен қазақстандық жанкүйерлердің жеңіке берген бағасы команда үішн маңыздырақ екенін айтты. 

"Бізде арнайы ойындар үшін белгіленген қаржылай сыйақылар бар. Ерекше ештеңе жоқ. Табысымыз туралы сұрақтарға жауап бергенді ұнайтпаймын, десе де команданың алатын сыйақысының мөлшері айтарлықтай көп емес. Жігіттердің негізгі табыс көзі - клубтарда. Мұндай жеңістер командаға сенімділік беріп, жаңа биіктерді бағындыруға жігер береді, ал бұл сыйақыға қарағанда маңыздырақ", - деді ұлттық құраманың бас бапкері.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Даняины 3:2 есебімен жеңген болатын.