Қазақстанның бірінші ракеткасы бірегей нәтижеге қол жеткізді

Қазақстанның бірінші ракеткасы бірегей нәтижеге қол жеткізді
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы теннис маусымында бірегей жетістігімен көзге түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

OptaAce хабарлауынша, Елена Рыбакина 2023 жыл маусымының қатарынан үш матчында 10-нан көп эйс жасаған бірінші теннисші атанды.

Әлемнің жетінші ракеткасы Майамиде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шығу үшін Анна Калинскаяны, Паула Бадоса мен Элизе Мертенсті жеңді.

Ал жартылай финалға шығу үшін отандасымыз италиялық Мартина Тревизанмен шеберлік байқасады.