Коннор Макдэвид бір маусымда 140 ұпай жинады

Коннор Макдэвид бір маусымда 140 ұпай жинады
Хоккей

“Эдмонтон Ойлерз” шабуылшысы әрі капитаны Коннор Макдэвид Ұлттық хоккей лигасының 2022-2023 жылдар маусымында 140 ұпай жинаған алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Канадалық шабуылшы “Аризона Койотис” командасымен болған ойында нәтижелі пас берді. Қазір оның қоржынында 60 гол мен 80 нәтижелі пас бар. 

Сөйтіп, Макджвид соңғы 27 жылда 140 ұпай жинаған ҰХЛ алғашқы ойыншысы атанды.

Айта кетейік, 1995-1996 жылдар маусымында “Питтсбург Пингвинз” шабуылшылары Марио Лемье мен Яромир Ягр осындай нәтижеге қол жеткізген еді.