Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Футбол

Прокурор кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды BasSport.kz.

Прокурор Айжан Аймағанова Қайрат Боранбаевты мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотында Қайрат Боранбаев және оның серіктеріне қатысты сот отырысы сейсенбі күні жалғасты. Сондай-ақ, Прокурор іс бойынша тағы екі күдікті Роман Наханов, Ибулла Сердіні де 8 жылға соттауды сұрап отыр.

Айыпталушылар газды қайта сату кезінде 14,5 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталуда. Үшеуі де кінәсін мойындамаған. Боранбаевтың айтуынша, қарапайым коммерциялық мәмілені қылмыс етіп көрсеткен айыптаушы тарап кәсіптен түскен пайданы ұлттық компанияға келтірілген материалдық залал деп таныған.
Қайрат Боранбаев – Дариға Назарбаеваның құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Айсұлтан 2020 жылы тамызда Лондонда қайтыс болды.