Дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді

Дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді
Дзюдо

7-9 сәуір күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған жарысқа 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 2003 -2005 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге - 60, қола жүлдегерге - 40 ұпайдан беріледі.

Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогыне Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түрікменстан, Грекия, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Бекет Махмұтов - 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған.