Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жегі қашан өтеді
Бокс

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жегіне қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, 34 жастағы былғары қолғап шебері 3 маусымда шаршы алаңға көтеріледі.

Жан Кособуцкий Германияның Дюссельдорф қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетпек. Жекпе-жек ауыр салмақта өтеді және 12 раундқа созылады.

Қарсыластың есімі әзірге белгісіз. Айта кетейік, Жан кәсіпқой бокста 19 мәрте жеңіске жеткен, оның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтады.

Отандық боксшы бұған дейінгі жекпе-жегін өткен жылы қарашада Германияның Оберхаузен қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Хуссейн Мухамедті мерзімінен бұрын жеңген еді.