Қазақстандық жас зілтемірші әлем чемпионы атанды

Қазақстандық жас зілтемірші әлем чемпионы атанды
Басқа

Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына алтын жүлде түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков жұлқа көтеруде 137 келіні, ал серпе көтеруде 168 келіні еңсеріп, үздік шықты. Жалпы 305 келіні бағындырған спортшы ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі 1 сәуірге дейін жалғасады.