+168 мың доллар. Рыбакина Майамиде қанша табыс тауып үлгерді?

+168 мың доллар. Рыбакина Майамиде қанша табыс тауып үлгерді?
Теннис

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында тұңғыш рет Майамидегі WTA 1000 жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

1/2 финалға жолдама алған қазақстандық теннисші осы жетістігінің арқасында 352 635 доллар табыс тауып, 390 рейтингілік ұпайға ие болып үлгерді. Кеше оның ширек финалға шыққаны үшін 184 465 доллар табыс тапқанын хабарлаған болатынбыз. 

Еске салайық, биыл Майамидегі беделді бәсекенің жүлде қоры - 8 800 000 доллар. Турнир чемпионы 1 262 220 доллар мен 1000 рейтингілік ұпайға ие болады. Ал қазақстандық спортшы жартылай финалда америкалық Джессика Пегуламен сынға түседі.