Қазақстандық хоккейшілер өнер көрсететін ҚХЛ клубының жаңа бапкері кім болатыны анықталды

Қазақстандық хоккейшілер өнер көрсететін ҚХЛ клубының жаңа бапкері кім болатыны анықталды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін магнитогорскілік "Металлургтің" жаңа бас бапкері қызметіне Андрей Разин тағайындалады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ол клубқа "Северстальдағы" көмкшілері Юрий Трубачевпен және Евгений Михалкевичпен бірге келеді. Келісімшарт "1+1" жүйесі бойынша жасалып, келесі маусымда "Металлург" плей-оффтың екінші кезеңіне өтсе, келісім ұзартылады. 

Биыл Илья Воробьев жаттықтырған "Металлург" ҚХЛ плей-офф кезеңінің екінші айналымына дейін жетіп, "Авангардпен" серияда 0:4 есебімен жеңіліп қалды. 

Андрей Разин бапкерлік қылған "Северсталь" плей-оффтың алғашқы кезеңінде ЦСКА-дан серияның жетінші матчында ғана жеңіліс тапты.

Айта кетейік, магнитогорскілік командада Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Павел Акользин мен қорғаушы Алексей Маклюков өнер көрсетеді. Сонымен қатар, команда сапында Өскеменде туып-өскен хоккейше Семен Кошелев бар.